Ст. 103 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
ҚР Жер кодексi
103-бап. Жекешелендірілетін мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының жер учаскесін бөлісу
1. Жекешелендірілетін мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ зейнеткерлер мен осы ұйымдардың өндірістік және әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету салаларында істейтін және олардың аумағында тұратын адамдардың шартты жер үлесіне құқығы бар. 2. Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының өздері пайдаланатын жерінің шекарасы шегіндегі ауыл шаруашылығы алқаптары шартты жер үлесіне бөліске жатады, бұған:
1) елді мекендер шегіне кірген;
2) ауданның арнайы жер қоры құрамына енгізілген;
3) нормадан тыс радиациялық ластануға ұшыраған немесе тұрғын халықтың өмірі мен денсаулығына өзгедей қауіп төндіретін;
4) пайдалы қазбаларды қазу кезінде бүлінген және мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамды күйге келтіріліп жаңғыртылмаған;
5) шалғайдағы мал шаруашылығының уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелері қосылмайды.
3. Шартты жер үлесінің мөлшері:
1) ауыл шаруашылығы ұйымының жер пайдалануындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы көлемін шартты жер үлесіне құқығы бар адамдардың санына бөлу арқылы - гектармен;
2) ауыл шаруашылығы ұйымының жер пайдалануындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының балл-гектар сомасын шартты жер үлесіне құқығы бар адамдар санына бөлу арқылы - балл-гектармен (көлемге көбейтілген топырақ бонитетінің балы) есептеп шығарылады.
4. Шартты жер үлесі мөлшерін анықтау нәтижелері және шартты жер үлесіне құқығы бар азаматтардың тізімі жекешелендірілетін шаруашылықтың еңбек ұжымының жалпы жиналысының шешімімен бекітіліп, хаттамамен ресімделіп, аудандық (қалалық) атқарушы органда бекітілуге тиіс.
5. Азаматтардың шартты жер үлесіне құқығы шартты жер үлестерін иеленушілердің тізімі мен шартты жер үлестерінің мөлшерін аудандық (қалалық) атқарушы орган бекіткеннен кейін үш ай ішінде жер учаскесі орналасқан жердегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы беретін шартты жер үлесіне құқық туралы куәлікпен куәландырылады.
6. Шартты жер үлестерін иеленушілер шартты жер үлесіне құқық туралы куәлікті алған кезден бастап бір жыл ішінде шартты жер үлестері есебіне осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жер учаскесін меншікке немесе жерді пайдалануға алуға міндетті.
Аталған адамдардың жер учаскелерін бөлек немесе ортақ меншікке (жер пайдалануға) ресімдеуге құқығы бар.
7. Шартты жер үлесінің иесі болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде, оның жер үлесіне құқықтары тоқтатылды деп есептеледі.
Ескерту. 103-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.10 № 116(2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2021 № 39-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Жер кодексi 101-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзуге арналған жер учаскелерi ҚР Жер кодексi 99-бап. Инженерлiк тұрғыда әзiрленген суармалы жердi пайдалану ҚР Жер кодексi 100-бап. Арнайы жер қоры ҚР Жер кодексi 106-бап. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеу тәртiбi ҚР Жер кодексi 105-бап. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының орнын толтыруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей