Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.10.2024

ҚР Жер кодексi
18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті

Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қала шекарасының (шегi) шебiнде және оның әкiмшiлiк бағыныстылығына берiлген аумақта жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:  

1) осы Кодекстiң 13, 16 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру; 

1-1) жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу; 

1-2) үлгілік тізбеге сәйкес жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың тізбесін бекіту; 

2) осы Кодекстiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;  

2-1) жер учаскелерін елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызу, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ортақ пайдаланудағы жердің құрамынан шығару; 

2-2) алып тасталды – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

2-3) алып тасталды – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) тиiстi өкiлдi органның бекiтуi үшiн өзiне әкiмшiлiк бағыныстағы елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; 

4-1) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру; 

5) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру; 

5-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу; 

5-2) елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде және ақпараттық ресурстарда электрондық нысанда орналастыру; 

6) арнайы жер қорын құру;  

7) алып тасталды - ҚР 2006.01.10 № 116 Заңымен.

8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) облыстық маңызы бар қаланың өкілді органына бекітуге табыс ету; 

8-1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әзірлеу, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу; 

8-2) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оның іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну; 

8-3) алып тасталды – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8-4) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды іске асыру; 

8-5) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру; 

8-6) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру; 

9) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 

Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10 № 116(2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.06 № 279, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.20 № 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 20.02.2017 № 48-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2018 № 151-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...16 17 18 19 19‑1 ...171

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?


Туған ағама бүйрек беріп донор болдым, инволидность боладыма, больничный қалай төленеді?


Собственник проживает в Германии, а имеет 1,3 долю собственного имущества в казахстане, имеет ли он право оплатить за квартиру.


Добрый день. Не могу найти в Законе права усыновлённого ребёнка на наследство, при кровных наследниках. ?


Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться