Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Бюджет кодексi
191-бап. Бюджеттік кредитке қызмет көрсету

Ст. 191 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бюджеттік кредит қаражатының пайдаланылуын есепке алу және қарыз алушының кредиттік шарт талаптарына сәйкес негізгі борышты, сыйақыны және басқа да төлемдерді өтеуге төлемдер жасауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі бюджеттік кредитке қызмет көрсету деп танылады. 

Ол бойынша есептелген сыйақы, комиссиялық төлемдер, тұрақсыздық төлемдері (айыппұлдар, өсімпұлдар) сомасы ескерілмей алынған және өтелмеген бюджеттік кредит сомасы негізгі борыш болып табылады. 

2. Негізгі борышқа қызмет көрсету кредиттік шарт талаптарына сәйкес, белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, өзге де төлемдердің жиынтық төлемдерін білдіреді. 

Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигіне (кредиттік шартқа) сәйкес мерзімі басталған, қарыз алушы төлемеген төлемдер сомасы берешек (мерзімі өтіп кеткен берешек) болып табылады. 

3. Сыйақыны есептеу кредитордың шотынан бюджеттік кредит аударылған күннен бастап ол толық өтелген күнге дейін бюджеттік кредит бойынша негізгі борыш сомасына қойылған сыйақы мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. 

4. Сыйақыны есептеу тәртібі кредиттік шартта белгіленеді. 

Сыйақыны есептеу үшін жылдың 360 күні және айдың 30 күні не толық емес ай кезінде өткен күндердің іс жүзіндегі саны есепке алынады. 

Төлем мерзімі басталған кезде қарыз алушы тиісті бюджетке негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлем тапсырмасымен ақша аудару арқылы кезекті төлемдерді жүзеге асыруға міндетті. 

5. Берешек пайда болған кезде бюджеттік кредитке қызмет көрсету төлемдердің мынадай кезектілігімен жүзеге асырылады: 

1) есебіне жазылған тұрақсыздық төлемі (айыппұлдар, өсімпұлдар); 

2) есебіне жазылған сыйақы; 

3) негізгі борышты өтеу. 

Ескерту. 191-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...189 190 191 192 193 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 191-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV