Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 215 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Бюджет кодексi
215-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары

1. Мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде беріледі. 

2. Мемлекеттік кепілдіктер беру осы Кодекстің 220-бабына сәйкес кепіл міндеттемелерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатын қарыз алушының қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады. 

3. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды және тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны және мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарызды өтеу көздерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттерден төлемақылар (төлемдер) болып табылатын әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды және (немесе) инвестициялық бағдарламаларды іске асыру кезінде квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерін қоспағанда, мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепілдік берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекеттік кепілдік беру кезінде жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг пен акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде және басқа да заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік кепілдік сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады. 

4. Мемлекеттік кепілдік беру мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерін орындауға байланысты республикалық бюджеттен берілген қаражаттарды қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар ресімделіп, тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады. 

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және мемлекет кепілдік берген қарызды алушы арасындағы тараптардың мемлекеттік кепілдік беру, мемлекет кепілдік берген қарыз шартына сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарды белгілейтін келісім мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім болып табылады. 

Ескерту. 215-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...213 214 215 216 217 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 215-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV