Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Бюджет кодексi
216-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар



Ст. 216 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV




Қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік алуға үміткер заңды тұлғаларға осы заңды тұлғалар қарыз алушы ретінде әрекет еткенде, мынадай талаптар қойылады: 

1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушының Қазақстан Республикасының резиденті болуы; 

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілетін, тиісті кезеңге арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың және (немесе) инвестициялық бағдарламаның тізбесіне енгізілген жобалардың және (немесе) инвестициялық бағдарламаның іске асырылуын жүзеге асыруы; 

РҚАО-ның ескертпесі!

3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды және тізбесі осы Кодекстің 215-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны, сондай-ақ жобаларды іске асыруға екінші деңгейдегі банктерден қаржыландыруды көздейтін ұлттық холдингтер мен олардың еншілес ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуы. 

Банк кепілдігі қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзіміне бір рет беріледі және негізгі борыш сомасын, сондай-ақ сыйақылардың, комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсімпұлдың, айыппұлдың) барлық сомаларын және қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын өзге де төлемдерді жабады. 

Сақтандыру шарты жоба бойынша қарыз алушыны дефолтқа және мемлекеттің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін орындауына әкеп соқтыруы мүмкін тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз етуге тиіс; 

4) салалық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; 

5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; 

6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; 

7) бұрын алынған, ол бойынша төлем мерзімдері басталған мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде берешектерінің, сондай-ақ кредиторлар алдындағы өзге де мерзімі өткен берешегінің болмауы; 

8) жобаның жалпы құнын жаппайтын қарыз тартылған жағдайда, ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қоса қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің қамтамасыз етілуі; 

9) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды және тізбесі осы Кодекстің 215-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны қоспағанда, ұсынылатын инвестициялық жобаның құнына қатысты кемінде отыз пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы; 

10) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс; 

11) осы баптың 3) және 9) тармақшаларының талаптары мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарызды өтеу көздерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттерден төлемақылар (төлемдер) болып табылатын әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды және (немесе) инвестициялық бағдарламаларды іске асыру кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қолданылмайды, олардың тізбесін бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды. 

Ескерту. 216-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 


Статья 1 ...214 215 216 217 218 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 216-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV