Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 127 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Экологиялық кодексi
127-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргiзу кезiнде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

Ескерту. 127-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Табиғат пайдаланушыға қатысты құпия ақпарат табиғат пайдаланушының жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға берiлмейдi. Ақпараттың құпиялылығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және халықаралық шарттарда айқындалады.  

2. Мемлекеттiк экологиялық инспектор мемлекеттiк құпияларды, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген құпия ақпарат берудi қоспағанда, мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша алынған құпия ақпаратты жария етпеуге мiндеттi. 

Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Статья 1 ...125 126 127 128 129 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 127-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212