Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
128-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды тағайындау және оның мақсаттары



Ст. 128 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.  

2. Өндiрiстiк экологиялық бақылаудың мақсаттары:  

1) табиғат пайдаланушының экологиялық саясатына, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiне және қоршаған ортаға ықпалды әсер ететiн өндiрiстiк процестердi реттеу аспаптарына қатысты шешiмдер қабылдау үшiн ақпарат алу;  

2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;  

3) табиғат пайдаланушының өндiрiстiк процестерiнiң қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуiн мейлiнше азайту;  

4) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру; 

5) тосын жағдайларға жедел кiдiрiссiз ден қою;  

6) табиғат пайдаланушылардың басшылары мен қызметкерлерiнiң неғұрлым жоғары деңгейде экологиялық хабардар болуы мен жауапкершiлiгiн қалыптастыру;  

7) кәсiпорындардың экологиялық қызметi және халықтың денсаулығы үшiн қатер туралы жұртшылықты хабардар ету;  

8) экологиялық талаптарға сәйкестiктiң деңгейiн арттыру;  

9) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiнiң өндiрiстiк және экологиялық тиiмдiлiгiн арттыру;  

10) инвестициялау және кредит беру кезiнде экологиялық тәуекелдердi есепке алу болып табылады.

Статья 1 ...126 127 128 129 130 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 128-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212