ҚР Экологиялық кодексi
233-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
Ст. 233 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешендi жүргiзу үшiн берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану Қазақстан Республикасының Орман кодексiнің талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Пайдалануына мемлекеттiк орман қоры учаскелерi берiлген жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Орман кодексiнде белгiленген тәртiппен оларда орман орналастыру жұмыстарын жүргiзуге және орман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзуге қатысуға мiндеттi.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ағаш және бұта өсiмдiктерiнiң жай-күйiн, күзетiлуiн, қорғалуын, пайдаланылуы мен молықтырылуын бақылауды орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

Добавить комментарий к 233-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212