Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
296-бап. Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы есеп



Ст. 296 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтардың есебін (түрі, саны және шығарылған жері) жүргізуге, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға және (немесе) адам денсаулығына қауіпті қасиеттері туралы ақпарат жинауға және сақтауға міндетті. 

2. Қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын тұлғалар және қауіпті қалдықтарды өндірушілер өздерінің қызметі процесінде құралған, жиналған, тасымалданған, кәдеге жаратылған немесе орналастырылған қалдықтардың тұрақты есебін (түрі, саны, қасиеттері) жүргізуге міндетті. 

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

3. Қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың есебі жөніндегі құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға тиіс. 

4. Қалдықтардың меншік иелері өзінің қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметі туралы жыл сайынғы есебін Қалдықтардың мемлекеттік кадастрына енгізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді. 

5. Алып тасталды - ҚР 25.04.2016 № 505-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6. Қалдықтар саласындағы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табыс етіледі. 

Ескерту. 296-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV; 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...294 295 296 297 297-1 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 296-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212