Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 297 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Экологиялық кодексi
297-бап. Қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды ынталандыру

1. Қалдықтардың құралу көлемін азайтуға бағытталған технологияларды енгізетін, өнім өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) процесінде қалдықтарды кәдеге жарататын, оларды жинау мен дайындауды, кәсіпорындар мен цехтар салуды жүзеге асыратын, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату үшін жабдықтар жасап шығаруды ұйымдастыратын, қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға пайлық үлеспен қатысатын шаруашылық қызмет субъектілерінің қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу көлемін азайту және қауіптілік деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларын ынталандыру жүзеге асырылады. 

2. Жергілікті атқарушы органдар қалдықтарды кәдеге жаратуға және олардың құралу көлемін азайтуға ынталандыру жөніндегі іс-шараларды айқындайды. 

Ескерту. 297-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...295 296 297 297‑1 298 ...326

Перейти к статье






Добавить комментарий к 297-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212