Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
434-бап. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю



Ст. 434 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Егер шартта өзгеше көзделмесе және мiндеттеменiң мәнiнен немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйiп беруге мiндеттi.  

2. Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгiленбесе, тауар, осындай тауарға арналған әдеттегi әдiспен, ал бұлай болмағанда - сақтау мен тасымалдаудың әдеттегi жағдайларында осы тектес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететiн әдiспен ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуге тиiс.  

3. Егер заңдарда белгiленген тәртiппен ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуге мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға тауарды осындай міндетті талаптарға сай келетiн ыдысқа салып және (немесе) буып-түйiп беруге мiндеттi.

Статья 406 ...432 433 434 435 436 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 434-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409