Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
436-бап. Сатушыға шартты тиiсiнше орындамағаны туралы хабарлау



Ст. 436 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Сатып алушы шарттағы тауардың саны, түр-түрі, сапасы, жиынтықталуы, ыдысқа салынуы және (немесе) буып-түйiлуi туралы талаптардың бұзылғандығы жөнінде сатушыға заң актiлерiнде, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде немесе шартта көзделген мерзiмде, ал егер мерзiм белгiленбесе, тауарлардың сипаты мен мақсатын негiзге ала отырып, шарттағы тиiстi талаптың бұзылуы байқалуға тиiс болғаннан кейiн қисынды мерзiмде хабарлауға мiндеттi.  

2. Сатып алушы осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттi орындамаған жағдайда, егер мұндай дер кезiнде хабарламау өзiнiң талаптарын қанағаттандырудың мүмкiн болмауына әкеп соққанын немесе шарт талаптарының бұзылуы туралы дер кезiнде хабарлаған жағдаймен салыстырғанда сатушыға өлшеусiз шығындар келтiретiнiн дәлелдесе, сатушы сатып алушының тиiстi талаптарын қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.  

3. Егер сатушы сатып алушыға берiлген тауарлардың шарт талаптарына сәйкес келмейтiндiгiн бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, оның сатып алушының осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттi орындамауына сiлтеме жасауына құқығы жоқ.

Статья 406 ...434 435 436 437 438 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 436-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409