Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
439-бап. Тауарға ақы төлеу



Ст. 439 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Егер шарт пен заң актiлерi талаптарынан бағаны белгiлi бiр мерзiмде төлеу мiндетi туындамаса, сатып алушы оны өзiне тауар немесе сол тауарға арналған тауарға билiк ету құжаттары берiлгеннен кейін кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.  

2. Егер шартта берiлген тауар ақысын бөлiп-бөлiп төлеу көзделмесе, сатушыға сатып алушы берiлген тауардың толық бағасы мөлшерiндегi соманы төлеуге мiндеттi.  

3. Егер сатып алушы шартқа сәйкес берiлген тауарға ақы төлемесе, сатушы одан тауар ақысын төлеудi және басқа бiреудiң ақшасын пайдаланғаны үшiн тұрақсыздық айыбын төлеудi талап етуге құқылы (осы Кодекстiң 353-бабы).  

4. Егер сатып алушы шартты бұза отырып, тауарды қабылдаудан және оған ақы төлеуден бас тартса, сатушы өз таңдауы бойынша тауарға ақы төлеуді талап етуге не шартты орындаудан бас тартуға құқылы.  

5. Сатушы шартқа сәйкес сатып алушыға ақы төленбеген тауарлардан басқа да тауарлар беруге міндетті болған жағдайларда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, ол бұрын берілген барлық тауарларға ақы толық төленгенге дейін сол тауарларды беруді тоқтата тұруға құқылы.

Статья 406 ...437 438 439 440 441 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 439-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409