Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
463-бап. Тауарларды жеткiзiп беру



Ст. 463 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Тауар берушi тауарларды жеткiзiп берудi оларды шартта көзделген көлiкке тиеп және шартта белгiленген жағдайларда жөнелту жолымен жүзеге асырады.  

2. Егер шартта тауарды жеткiзiп берудiң қандай көлiк түрiмен немесе қандай жағдайларда жүзеге асырылатындығы белгiленбесе, көлiк түрiн таңдау немесе тауарды жеткiзiп беру жағдайларын белгiлеу құқығын заң актiлерiнен, iскерлiк айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамайтындықтан тауар беруші иеленеді.

Статья 406 ...461 462 463 464 465 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 463-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409