Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
498-бап. Кәсіпорынға құқықтардың ауысуы



Ст. 498 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



Ескерту. 498-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Мемлекеттік тіркелуге жататын кәсіпорынның құрамына кіретін мүлікке құқық тіркелген кезден бастап сатып алушыға ауысады. Қалған мүлікке құқықтар екі тарап табыстау актісіне қол қойған кезден бастап ауысады. 

2. Алып тасталды - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Шартта сатып алушыға берiлген кәсiпорынға меншiк құқығы кәсiпорынға ақы төленгенше немесе өзге де мән-жайлар туғанға дейiн сатушының өзiнде қалдыру көзделген жағдайларда сатып алушы меншiк құқығы өзiне ауысқанға дейiн, берiлген кәсiпорынның құрамына кiретiн мүлiктер мен құқықтарды кәсiпорынның қызметiн мүлiктiк кешен ретiнде қамтамасыз ету үшiн қаншалықты қажет болса, соншалықты дәрежеде пайдалануға құқылы. 

Ескерту. 498-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 406 ...496 497 498 499 500 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 498-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409