Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
845-бап. Өзара сақтандыру



Ст. 845 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Азаматтар мен заңды тұлғалар қажеттi қаражатты өзара сақтандыру қоғамдарына бiрiктiру жолымен өзара негiзде осы Кодекстің 807-бабының 1-тармағында аталған өзінің мүліктік мүдделерін сақтандыра алады.  

2. Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асырады және коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.  

Өзара сақтандыруды жүзеге асырудың, өзара сақтандыру қоғамдарының құқықтық жағдайының ерекшелiктерi мен олардың қызметiнiң шарттары осы Кодекске және өзара сақтандыру туралы заң актiлерiне сәйкес айқындалады.  

3. Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды мүшелiк және сақтандыру шарттары негiзiнде жүзеге асырады.  

4. Өзара сақтандыру жолымен мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға өзара сақтандыру туралы заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жол берiледi.  

5. алып тасталды

Ескерту. 845-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05. N 164 Заңдарымен.
 


Статья 406 ...843 844 845 845-1 846 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 845-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409