Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
911-бап. Сыйақыға жария уәде беру



Ст. 911 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Жұмысты жақсы орындағаны немесе өзге де нәтижелерге жеткенi үшiн ақшалай немесе өзгеше нысанда сыйақы төлеу туралы жария хабарлаған кез келген тұлға конкурс шарттарына сәйкес оның жеңiмпазы болып танылған кез келген тұлғаның алдында өз мiндеттемесiн орындауы тиiс.  

2. Сыйақыға жария уәде беру тапсырманың мәнiн, нәтижелердi ұсынудың өлшемдерi мен тәртiбiн, сыйақының мөлшерi мен нысанын, сондай-ақ нәтижелердi жариялаудың тәртiбi мен мерзiмдерiн көздейтiн шарттарды мiндеттi түрде қамтуға тиiс.  

3. Сыйақы төлеу туралы шешiм мен оны төлеудiң өзi уәдеде белгiленген мерзiмдерде қабылдануға және iске асырылуға тиiс.  

4. Егер конкурс ғылым, әдебиет немесе өнер туындысын жасауға арналып хабарланса, сыйақыға жария уәде беруде өзгеше белгiленбесе, жария уәде берген тұлға туындыны жасаушымен оған қаламақы төлей отырып, оны пайдалануға шарт жасасуға басым құқық алады.  

5. Сыйақы туралы жария уәде берген тұлға, егер конкурс шарттарында өзгеше көзделмесе, сыйақы тағайындалмаған жұмыстарды олардың жасаушыларына қайтарып беруге міндетті.

Статья 406 ...909 910 911 912 913 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 911-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409