Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 213 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
213-бап. Сарапшының қорытындысын зерттеу

1. Сарапшының қорытындысы сот отырысында жария етiледi. Қорытындыны түсiндiру және толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкiн. 

2. Бiрiншi болып арызы бойынша сараптама тағайындалған тұлға және оның өкiлi, ал содан соң iске қатысатын басқа тұлғалар мен өкiлдер сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптаманы жүргiзу тапсырылған сарапшыға бiрiншi болып талап қоюшы мен оның өкiлi сұрақтар қояды. Сот сарапшыға одан жауап алудың кез келген сәтiнде сұрақтар қоюға құқылы. 

3. Осы Кодекстiң 90-бабында көзделген жағдайларда сот қосымша немесе қайта сараптама тағайындауға құқылы.

Статья 1 ...211 212 213 214 215 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 213-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ