Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
643-бап. Салық салу объектiлерiн жекелеген жағдайларда айқындау



Ст. 643 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).  

1. Егер жеке тұлғаның салық декларациясында көрсеткен табыстары өзiнiң жеке тұтынуына, соның iшiнде мүлiк сатып алуына жұмсаған шығыстарына сәйкес келмейтiн болса, салық органдары өткен кезеңдердiң табыстарын есептей отырып, олардың жасаған шығыстары негiзiнде табысы мен салығын айқындайды.  

РҚАО-ның ескертпесі!

643-бапты 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Басқа да тұлғалар мен органдар аталған табысты алудың заңдылығына дау салған жағдайларда да, табысқа салық салынуға тиiс.   

3. Егер сот шешiмi бойынша табыс Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда бюджетке алып қоюға жатса, онда аталған табыс одан төленген салық сомасы шегерiлмей алынады.  

4. Салық органдары төлем көздерінен жеке табыс салығын салуға жатпайтын жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге тіркелмей кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудан табыстар алу фактілерін анықтаған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 20-тарауында белгіленген мүліктік табысқа немесе өзге де табыстарға жатпайтын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне әкеліп соғатын табыстар шегінен асатын мөлшерде айқындалған осындай табыстар осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығын салуға жатады.  

Ескерту. 643-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

89-тарауды 643-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...641 642 643 644 645 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 643-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы