Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қайырымдылық туралы

Қайырымдылық туралы
21-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) тарату



Ст. 21 Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ



1. Мыналар:

1) нысаналы капиталды (эндаументті) қайырмалдық, сыйға беру, өсиет шартына (шарттарына) сәйкес пайдалану;

2) нысаналы капитал (эндаумент) қалыптастырылған мерзімнің өтуі;

3) басқарушы компанияны қайта ұйымдастыру туралы шешім;

4) қайырымдылық ұйымын таратып жіберу туралы шешім;

5) қайырымдылық жасаушы (қайырымдылық жасаушылар) берген капиталдың бастапқы мөлшерінің құнын он пайыздан астам мөлшерге азайту нысаналы капиталды (эндаументті) таратуға негіз болуы мүмкін.

2. Нысаналы капиталды (эндаументті) тарату туралы шешімді қайырымдылық ұйымының қамқоршылық кеңесі осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздердің біреуі болған кезде қабылдайды.

3. Басқарушы компанияның не қайырымдылық ұйымының жарғының нысаналы капиталды (эндаументті) қалыптастыру және пайдалану жөніндегі талаптарын және (немесе) осы Заңның нормаларын өрескел немесе бірнеше рет бұзуы соттың шешімі бойынша нысаналы капиталды (эндаументті) таратуға негіз бола алады.

4. Егер қайырмалдық, сыйға тарту, өсиет шартында (шарттарында) өзгеше көзделмесе, таратылуға жататын нысаналы капитал (эндаумент) осындай капиталдарды қалыптастырған қайырымдылық ұйымдары арасында жасалған шартқа сәйкес басқа нысаналы капиталға (эндаументке) берілуі мүмкін.

5. Таратылуға жататын нысаналы капиталды (эндаументті) кәсіпкерлік қызметте пайдалануға болмайды. 
4-тарау. ФИЛАНТРОПИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ