Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 60-1 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.10.2018

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
60-1-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарына және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларына шағым жасаған кезде туындайтын дауларды апелляциялық реттеу тәртібі мен мерзімдері

1. Құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, мемлекеттік аудит объектісі ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарына және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына (бұдан әрі – шағым) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жанындағы Дауларды апелляциялық реттеу жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комссия) осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасауға құқылы. 

2. Шағым ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға мынадай мерзімдерде: 

1) мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын қол қойылған құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні; 

2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде беріледі. 

3. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға берілу тәсіліне қарай мыналар шағым беру күні болып табылады: 

1) келу тәртібімен – ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган шағымды алған күн; 

2) пошта арқылы – пошта немесе өзге байланыс ұйымының қабылдау туралы белгісі қойылған күн. 

Ескерту. 12-тарау 60-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.01.2018 № 135-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...59 60 60‑1 60‑2 60‑3 ...62

Перейти к статье






Добавить комментарий к 60-1-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ