Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелері



Ст. 16 Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV



1. Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар тапсыруға міндетті.

2. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялардың, ілеспе жүкқұжаттардың және есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің негізінде камералдық бақылау жүргізеді. Жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізу жүзеге асырылған жағдайда, камералдық бақылау мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар және ілеспе жүкқұжаттар негізінде жүргізіледі.

3. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша айырмашылықтар анықталған жағдайларда, мұндай бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға хабарлама табыс етіледі.

Хабарламада мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе толық атауы, сәйкестендіру нөмірі, салық қызметі органының атауы, хабарламаның күні, хабарламаны жіберу үшін негіздеме, оған шағымдану тәртібі көрсетіледі.

4. Хабарлама мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе оның өкіліне жеке қолын қойғыза отырып немесе оны жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не хабарлардың кепілді түрде жеткізілуін қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде жіберілген хабарлама жауаптың пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы алынған күнінен бастап не хабарлама электрондық түрде жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін табыс етілді деп саналады.

Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлға хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде оны орындауды жүзеге асырады.

Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV