Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
15-бап. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға арналған ағымдағы шот



Ст. 15 Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV



1. Мұнай өнімдерін өндіруші инвестициялық бағдарлама келісілгеннен және бекітілгеннен кейін ағымдағы шот ашады, оның қаражаты тек қана инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру мақсатына жұмсалады.

2. Мұнай өнімдерін өндірушінің негізгі құралдарына салымдардың инвестициялық бағдарламаларда көзделген көлемдері (инвестициялық құрамдастар) ағымдағы кезеңге және орта мерзімді перспективаға реттелетін тауарлар, көрсетілетін қызметтер бағаларын есептеу кезінде ескеріледі.

3. Осы баптың күші қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.

Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 500-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV