Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 12-2 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Азаматтық қорғау туралы
12-2-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады: 

1) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады; 

3) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілері мен стандарттарының жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі; 

4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

5) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, аварияларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді; 

6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргізеді; 

7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат береді; 

8) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді; 

8-1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттар мен бұйымдарды қоспағанда) заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, иелену, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді; 

9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді; 

10) мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілейді; 

11) мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді; 

12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және таратуға жобалау құжаттамасын келiседi; 

13) қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдардың, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызмет көрсету қағидаларын бекітеді; 

14) өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін, сондай-ақ атом энергиясын пайдалануға, магистральдық құбырлар мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызмет түрлері үшін, оларға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді; 

15) қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын бекітеді; 

16) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекітеді; 

17) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекітеді;  

17-1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттар мен бұйымдарды қоспағанда) заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, иелену, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлейді және бекітеді; 

18) қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекітеді; 

19) қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді; 

20) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілейді; 

21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 3-тарау 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...12 12‑1 12‑2 13 14 ...109

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-2-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ