Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғау туралы
16-бап. Ұйымдардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері



Ст. 16 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ




1. Ұйымдардың:

1) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуге;

2) өздерінің объектілерінде болған авариялардың, оқыс оқиғалар мен өрттердің себептері мен мән-жайларын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шекте азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөнінде әлеуметтік және экономикалық ынталандыру шараларын белгілеуге;

4) азаматтық қорғау мәселелері жөнінде ақпарат алуға;

5) өздері өз қаражаты есебінен ұстайтын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті шарттар негізінде тартуға;

6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерге бағалау жүргізуге құқығы бар.

2. Ұйымдар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлардың бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын орындауға;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеуге және оларды жүзеге асыруға;

3) өртке қарсы насихат жүргізуге, сондай-ақ өз жұмыскерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына оқытуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құруға немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасуға;

5) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйде ұстауға, олардың мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеуге;

6) өрттерді сөндіру, аварияларды жою, олардың туындау және өршу себептері мен жағдайларын анықтау кезінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуына, өрттердің және авариялардың туындауына жол берген тұлғаларды анықтау кезінде жәрдем көрсетуге, азаматтық қорғау күштерінің бөлімшелері ұйымдардың аумақтарында қызметтік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кіруін қамтамасыз етуге;

7) азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың және олардың мемлекеттік инспекторларының сұрау салуы бойынша өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы, оның ішінде өздері өндіретін өнімдердің өрт қауіптілігі туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер, авариялар, оқыс оқиғалар және олардың салдары туралы мәліметтер мен құжаттарды беруге;

8) өртке қарсы қызметке туындаған өрттер, өртке қарсы қорғанудың қолда бар жүйелері мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгеруі туралы дереу хабарлауға;

9) төтенше жағдайлардың туындау қатері туралы немесе туындауы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беруге, жұмыскерлер мен халықты құлақтандыруға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жұмыскерлерге және басқа да азаматтарға төтенше жағдайлардың салдарларынан келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеуді қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларды жойғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуге;

11) жұмыскерлерді және өндірістік әрі әлеуметтік мақсаттағы объектілерді төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға міндетті.

3. Қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар осы баптың 2-тармағына қосымша:

1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

3) өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды зерттеп-қарау мен диагностикалауды жүргізуге;

4) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын, сондай-ақ осы Заңның 71-бабының 2-тармағында көрсетілген техникалық құрылғыларға техникалық куәландыруды жүргізуге;

5) қызмет етудің нормативтік мерзімі біткен техникалық құрылғыларға оларды одан әрі қауіпсіз пайдаланудың мүмкін мерзімін анықтау үшін сараптама жүргізуге;

6) белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай келетін лауазымды адамдар мен жұмыскерлерді қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа жіберуге;

7) қауіпті өндірістік объектілерге бөгде адамдардың кіруін болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға;

8) авариялардың, оқыс оқиғалардың туындау себептеріне талдау жүргізуге, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің және олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға;

9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа және жұмыскерлерге авариялар туралы және қауіпті өндірістік факторлардың туындауы туралы дереу хабар беруге;

10) аварияларды, оқыс оқиғаларды есепке алуды жүргізуге;

11) қауіпті өндірістік объектінің қаржылық-экономикалық қызметі жоспарларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды көздеуге;

12) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жарақаттану және оқыс оқиғалар туралы ақпарат беруге;

13) мемлекеттік инспекторды қауіпті өндірістік объектіде болған кезде жеке қорғану құралдарымен, қауіпсіздік аспаптармен қамтамасыз етуге;

14) қызмет етуінің нормативтік мерзімі біткен техникалық құрылғыларды уақтылы жаңартуды қамтамасыз етуге;

15) осы Заңда айқындалған қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін декларациялауға;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;

17) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандардың, жұмыскерлердің даярлығын, қайта даярлығын және білімін тексеруді қамтамасыз етуге;

18) кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуға немесе осы ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілеріне қызмет көрсету үшін объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құруға;

19) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті заттардың тасымалданатыны туралы бұларды жүзеге асырғанға дейінгі кемінде күнтізбелік үш күн бұрын жазбаша хабарлауға;

20) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;

21) осы Заңға және Қазақстан Республиксының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және таратуға жобалау құжаттамасын келісуге;

22) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға берген кезде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын, техникалық куәландыруларды жүргізуге;

23) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жиынтықпен, қажетті техникамен, жабдықпен, сақтандыру және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын әзірлікте ұстап тұруға;

24) қауіпті өндірістік объектілерде ықтимал аварияларды және олардың салдарларын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;

25) аварияларды жою жоспарына сәйкес жұмыстарды жүргізуге материалдық және қаржылық ресурстардың резервтеріне ие болуға;

26) қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға туындаған жағдайда мониторинг жүргізу, байланыс және іс-қимылдарды қолдау жүйелерін құруға және олардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

27) қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға болған жағдайда жұмыскерлерді іс-қимылдарға оқытуды жүзеге асыруға;

28) жергілікті құлақтандыру жүйелерін құруға және ұдайы әзірлікте ұстап тұруға міндетті.

4. Қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдарға, егер олар осы объектілерде:

көмірсутек шикізатын геологиялық барлауды қоспағанда, геологиялық барлау жұмыстарын және бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізбестен кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша тау-кен жұмыстарын;

жүк көтергіш механизмдер пайдаланылатын жұмыстарды ғана жүргізсе, осы баптың 3-тармағы 18) тармақшасының күші қолданылмайды.

5. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар осы баптың 2-тармағына қосымша:

1) азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға;

2) объектілік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға;

3) әскери қақтығыстар жүргізу кезінде жұмыскерлерді және объектілерді қорғау бойынша азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүзеге асыруға;

4) азаматтық қорғаныс бойынша жұмыскерлерді оқытуды жүзеге асыруға;

5) ұжымдық және жеке қорғану құралдарының запастарын құруға және оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұруға;

6) өз объектілерінде авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыруға міндетті.

Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...109 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ