Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Шаруашылық серiктестiктерi туралы

Шаруашылық серiктестiктерi туралы
19-бап. Қатысушыны толық серiктестiктен шығару



Ст. 19 Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255




1. Толық серiктестiкке қатысушылар бiр немесе бiрнеше қатысушының дәлелдi себептер болғанда, атап айтқанда, олар өз мiндеттерiн өрескел бұзған немесе iстi байсалды жүргiзуге қабiлетсiздiгi анықталған жағдайда қалған қатысушылардың бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша, сотқа беру тәртiбiмен серiктестiктен шығарылуын талап етуге құқылы.

2. Толық серiктестiктен шығарылған қатысушыға серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң құны осы Заңның 17-бабында белгiленген тәртiппен төленедi.

3. Қатысушы шығарылған жағдайда оның серiктестiкке келтiрген барлық шығыны толық серiктестiк мүлкiнiң оған төленетiн бiр бөлiгiнiң құнынан соттың шешiмi бойынша өндiрiп алынады. Шығарылған қатысушының серiктестiкке келтiрген шығынының құны шығару кезiнде оған төленген мүлiктiң бiр бөлiгiнiң құнынан асып кеткен жағдайда, шығын құнының жетпейтiн бөлiгi серiктестiктен шығарылған қатысушының басқа мүлкiнен өндiрiп алынады.


Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...62 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255