Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бәсекелестiк туралы
48-1-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы алдын ала ескерту



Ст. 48-1 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV



 1. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жібереді.

2. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші, егер мұндай әрекет Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса және бұл ретте тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер болмаса, алдын ала ескерту жіберу үшін негіз болып табылады.

3. Алдын ала ескертуді жіберу туралы шешімді монополияға қарсы органның басшысы монополияға қарсы органға нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші жөнінде белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдайды.

4. Алдын ала ескертуде:

1) алдын ала ескертуді жіберу үшін негіздердің бар екендігі туралы түйіндер;

2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы мүмкін нормалары қамтылуға тиіс.

 Ескерту. 8-тарау 48-1-баппен толықтырылды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...47 48 48-1 49 50 ...81 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 48-1-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV