Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Концессиялар туралы
25-бап. Концеденттiң құқықтары мен мiндеттерi

Ст. 25 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Концедент: 

1) концессия шартының талаптары туралы концессионермен келiссөздер жүргiзуге; 

2) концессионердiң кiнәсiнен концессия объектiсiнiң жай-күйi нашарлаған жағдайда, концессионерден залалдарды өтеуiн талап етуге; 

3) концессионердiң жедел қызметiне және концессия шартын iске асыру барысына араласпастан, концессионердiң қаржы-шаруашылық қызметiн тәуелсiз аудиторлық ұйымды тарту арқылы тексерудi жүзеге асыруға; 

4) Қазақстан Республикасы заңнамасының, концессия шарты талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және жол берiлген бұзушылықтарды жоюды талап етуге; 

5) концессионер концессия шартының талаптарын бұзған жағдайда шартты бұзуды талап етуге; 

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына және концессия шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

2. Концедент: 

1) концессия шартында көзделген жағдайларда және мерзiмдерде концессионерге концессия объектiсiне құқықтарды беруге; 

2) концессия шарттарының жобаларын мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсуге; 

3) концессия шартында көзделген және концессионердiң концессия объектiсiне құқығын растайтын құжаттарды уақтылы беруге; 

4) жасалған концессия шарттары туралы тiзiлiм жүргiзудi жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттiк органға жыл сайын есептiк ақпарат берiп отыруға; 

5) концессия шартында көзделген талаптарды сақтауға; 

6) концессия объектiлерiн үшiншi тұлғалардың құқықтарынан босатып немесе әлеуетті концессионерлерге осы Заңның 17-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылатын конкурстық құжаттамада көрсетілген ауыртпалықтарымен және шектеулерімен беруге; 

7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi. 

Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 131-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...23 24 25 26 26‑1 ...29

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167