Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Мәдениет туралы
28-5-бап. Фильмдердің түрлері

Ст. 28-5 Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Фильмдер түрлері бойынша мыналарға бөлінеді:

1) анимациялық фильм — графикалық әдістерді және бейнелеу өнері тәсілдерін, сондай-ақ компьютерлік графика мүмкіндіктерін пайдалану жолымен қимылдар мен көріністер жандандырыла отырып жасалатын фильм;

2) деректі фильм — режиссер операторлық өнер, монтаждық құрау құралдарымен және басқа да құралдармен түсіндіретін өзекті оқиғалар, шындық фактілері жинақталып көрсетілген сценарий желісінің негізінде жасалатын фильм;

3) ойын фильмі — сценарийдің негізінде жасалатын жене актер ойыны, режиссура, операторлық өнер, қоюшы-суретшінің, композитордың және кинематография саласындағы басқа да қатынас субъектілерінің шығармашылығы құралдарымен іске асырылатын фильм;

4) хроникалы фильм — өзекті оқиғалар мен шындық фактілері көрсетілген фильм.

2. Бейнелеуді көрсету тәсілдері бойынша фильмдер кинофильмдерге, телевизиялық фильмдерге және бейне-фильмдерге бөлінеді.

3. Ұзақтығы алпыс минуттан кем емес фильм толық метражды болып табылады, ұзақтығы алпыс минутқа жетпейтін фильм қысқа метражды фильм болып табылады.

 Ескерту. Заң 28-5-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...28‑3 28‑4 28‑5 28‑6 29 ...40

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-5-бап Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207