Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
15-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сату және бөлу



Ст. 15 Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279



1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатуды және бөлудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы қызмет түрлерiне берiлген лицензиясы болған кезде заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.  

2. Азаматтарға құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды босату тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.  

3. Азаматтарға құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттар осындай қызмет түрiне лицензиясы бар дәрiхана және емдеу-профилактикалық ұйымдарында ғана босатылады. Азаматтарға құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды босату құқығы берiлген лауазымдар мен ұйымдар тiзбесiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен және ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiлейдi. 

4. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттар азаматтарға рецепт бойынша ғана тек медициналық мақсатта пайдалану үшiн, оларды осы мақсаттарға пайдалануға лайықты нысандар мен мөлшерде тағайындалады және босатылады.  

5. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган Тiзiмге енгiзiлген, медициналық мақсаттарда пайдаланылып жүрген құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды ең ұзақ тағайындалу мерзiмiн, сондай-ақ олардың бiр рецепт бойынша жазып беру мен босатуға болатын мөлшерiн белгiлейдi.  

6. алып тасталды

Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.03.02 № 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279