Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
24-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы саласындағы насихатқа тыйым салу және жарнаманы шектеу



Ст. 24 Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279



Ескерту. 24-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттауға, яғни заңды және жеке тұлғалардың есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен олардың прекурсорларын әзiрлеу, дайындау және пайдалану әдiстерi мен тәсiлдерi туралы, оларды сатып алатын орындар туралы мәлiметтердi таратуға бағытталған қызметiне, сондай-ақ кiтап өнiмдерiн, бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн шығару мен таратуға, компьютер желiлерiнде аталған мәлiметтердi таратуға немесе осы мақсатта басқа да әрекеттер жасауға тыйым салынады. 

2. Тiзiмге (II, III кестелер) енгiзiлген есiрткi мен психотроптық заттарды, сол тектестерді жарнамалау медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арналған арнайы баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Есiрткi немесе психотроптық заттары сол тектестері бар дәрi-дәрмек препараттары үлгiлерiн жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салынады. 

3. Осы бапта белгiленген нормаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа соқтырады. 

Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...pril_2 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279