Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
23-бап. Прекурсорлар айналымының тәртiбi



Ст. 23 Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279



1. Тiзiмге енгiзiлген прекурсорларды әзiрлеу, өндiру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сату, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткелi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес қабылданатын прекурсорлар, сондай-ақ есiрткi және психотроптық заттарды өндiру үшiн пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтар туралы нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.  

2. Заңды тұлғаларға өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарынан артық мөлшердегi прекурсорларды сақтауға тыйым салынады.  

3. Бөлшек сауда жасайтын заңды тұлғаларға прекурсорларды көтерме сатуға тыйым салынады.  

4. Тiзiмге енгiзiлген заттардың бiрi заңсыз түрде есiрткi заттарын немесе психотроптық заттарды дайындау мақсатында пайдалануға арналғандығына дәлелдер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны одан әрi пайдалану туралы сот шешiм қабылдағанға дейiн оған дереу тыйым салынады.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 23-бап Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қар 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279