Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Президентi туралы

Қазақстан Республикасының Президентi туралы
18-бап. Республика Президентiнiң республикалық референдумға қатысты өкiлеттiгi



Ст. 18 Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733



1. Республика Президентi конституциялық заңға сәйкес өз бастамасы бойынша, Парламенттiң, Үкiметтiң немесе сан жағынан облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың бәрiн бiрдей дәрежеде бiлдiретiн Республиканың сайлау құқығы бар кем дегенде екi жүз мың азаматының бастамасы бойынша республикалық референдум өткiзу туралы шешiм қабылдайды.

2. Республика Президентi Парламенттiң, Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының референдум өткiзу туралы бастамасы бойынша мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) референдум өткiзу туралы;

2) референдум өткiзбей-ақ, оның мәнi ретiнде ұсынылып отырған мәселе жөнiнде Республика Конституциясына, конституциялық заңына, заңына өзгертулер мен толықтыруларды немесе өзге шешiмдi қабылдау қажеттiгi туралы;

3) референдум өткiзу туралы ұсынысты қабылдамай тастау туралы. Егер Республика Президентi Конституцияға өзгерiстер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен Парламент Конституцияға осы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi бұл заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады.

3. Референдум бастамашыларының келiсiмiмен Республика Президентi оны өткiзгенге дейiн оның бастамашыларының өз еркiн неғұрлым анық бiлдiруi үшiн референдумға ұсынылатын мәселенiң (мәселелердiң) тұжырымын нақтылауға хақылы.

Ескерту. 18-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 378 Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...17 17-1 18 19 20 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Қазақстан Республикасының Президентi туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733