Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Рұқсаттар және хабарламалар туралы
24-бап. Рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандары



Ст. 24 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ



Рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ қаржы саласындағы қызмет және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтедi.

Рұқсатқа қосымша рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады.

Лицензияға қосымша лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) немесе лицензия берілген немесе берілетін объектілерді көрсету, сондай-ақ қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырудың нақты мекенжайын көрсету үшін ресімделеді.

 Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз).

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...53 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ