Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мақта саласын дамыту туралы

Мақта саласын дамыту туралы
12-2-бап. Мақта саласындағы кооперациялау



Ст. 12-2 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298



1. Мақта шаруашылығын дамыту, мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарымен бірлескен іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды құра алады.

2. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға арналған субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өз таңдауы бойынша тікелей өздеріне не өздері құрған заңды тұлғалар арқылы төленеді.

 Ескерту. 4-тарау 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...12 12-1 12-2 13 14 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-2-бап Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298