Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Мақта саласын дамыту туралы
12-бап. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің құқықтары мен міндеттері

Ст. 12 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:

1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес берілген жер учаскелерінде шитті мақта өсіруге;

2) өзіне тиесілі мақтаға өз қалауы бойынша иелік етуге, оны пайдалануға және оған билік етуге;

3) мақта саласын дамытуға мемлекеттік қолдау алуға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

2. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:

1) мақта өндіруді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің құнарлылығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ мұндай қызметтің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін болдырмайтын немесе шектейтін тәсілдермен жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
Статья 1 ...10 11 12 12‑1 12‑2 ...42

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298