Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы
18-бап. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн  әлеуметтiк қорғау



Ст. 18 Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы



1. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғау «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiне қосымша жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.

Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1997.06.19 N 134-I, 2004.01.08 N 516, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енедi), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

Статья 1 ...16 17 18 18-1 18-2 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы