Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы
16-бап. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң  қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануы



Ст. 16 Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы



1. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң бейбiт уақытта қару мен жауынгерлiк техниканы тек мынадай айрықша жағдайларда ғана:

1) күзетiлетiн адамдарды қылмысты қол сұғушылықтан қорғау үшiн;

2) күзетiлетiн объектiлерге, қарауылға, ғимараттар мен арнаулы жүктерге, Республикалық ұлан құрамаларының орналасқан жерлерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлерге кiруге тырысқан әрекеттердi тыйып тастау үшiн;

3) қарсылық көрсеткен не қылмыс жасау үстiнде көзге түскен адамдарды ұстау үшiн, қаруын тапсыру жөнiндегi талапты орындаудан бас тартқан адамдарды ұстау үшiн;

4) кепiлге алынған адамдарды құтқару, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттар мен арнаулы әскери жүктердi босату үшiн;

5) дабыл белгiсiн беру немесе көмек шақыру үшiн қолдануға құқығы бар.

2. Атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы жарылыс қаупi бар қоймалар мен сақтау орындарының бағытында, бейсауат адамдар зардап шегуi мүмкiн сәттерде адамдар едәуiр топтасқан жерлерге қарай, сондай-ақ олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа уақыттарда, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қарсы қолдануға тыйым салынады.

3. Қару мен жауынгерлiк техниканы қолданған кезде Республикалық ұланның әскери қызметшiсi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.

4. Алынып тасталды - ҚР 2004.01.08 N 516 Заңымен.

Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.01.08 N 516 Заңымен. 6 ТАРАУ. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң

құқықтық жағдайы, әлеуметтiк қорғалуы және жауапкершiлiгi Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.01.08. N 516 Заңымен.  

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы