Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұқым шаруашылығы туралы

Тұқым шаруашылығы туралы
22-бап. Тұқымдардың егу сапасын анықтау



Ст. 22 Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385



1. Сатуға және егу үшiн пайдалануға тиісті тұқымдардың егу сапасын анықтау осы Заңда белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханаларда тұқымдардың сынамаларын iрiктеп алу және оларға кейiннен талдау жасау арқылы жүргiзiледi.

2. Өткізілуге тиiс тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алуды тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүргiзедi.

3. Тек қана себуге арналған тұқымдар тобынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушілердiң өтiнiмi бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi аттестатталған зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.

 Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...20 21 22 23 23-1 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385