Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 285 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
285-бап. Декларанттың құқықтары

Тауарларды кедендік декларациялау және тауарларды кедендік рәсімге орналастыру үшін қажет өзге де кедендік операцияларды жасау кезінде декларант: 

1) кедендік бақылаудағы тауарларды қарауға, өлшеуге және жүк операцияларын орындауға; 

2) кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін осы Кодекстің 247-бабында көзделген шарттар сақталған кезде кеден органының рұқсатымен алуға; 

3) кеден органдарының лауазымды адамдары тауарларды кедендік қарау мен кедендік тексеріп қарау кезінде және тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алған кезде қатысуға; 

4) өздері декларациялайтын тауарлардың кеден органдарында бар сынамалары мен үлгілерін зерттеу нәтижелерімен танысуға; 

5) осы Кодекске сәйкес құжаттар мен мәліметтерді электронды құжаттар түрінде ұсынуға; 

6) кеден органдарының шешімдеріне, кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға; 

7) өзі декларациялайтын тауарлар туралы мәліметтерді нақтылау үшін сарапшыларды тартуға; 

8) осы Кодексте көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

Статья 1 ...283 284 285 286 287 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 285-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV