Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Астық туралы
33-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру



Ст. 33-1 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143



1. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеруді уәкілетті орган өз бетімен не басқа да мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізеді.

2. Астықты экспортқа шығарушылар және астық қабылдау кәсіпорындары тексеруге шығарылған тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша тексеруді жүргізуге уәкілетті органға жәрдемдесуге, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

3. Уәкілетті органның қызметкерлеріне астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

4. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында алынған және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

Статья 1 ...32 33 33-1 33-2 34 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 33-1-бап Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143