Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Астық туралы

Астық туралы
33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды тоқтату



Ст. 33 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143



1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай негiздер:

1) сот шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң өтуi;

2) соттың уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы бойынша тоқтатылады.

2. Уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау негіздерінің бірі мыналар:

1) астық қабылдау кәсіпорнының шығарылған астық қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қалпына келтіруі;

2) уақытша басқару кезеңінде басқа астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиісінше орындауға әсер ететін мән-жайлар болмаған кезде астық қолхаттарын ұстаушылардың барлық мәлімделген талаптарын толық көлемде қанағаттандыру болып табылады.

3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды оның енгiзiлуiне әкеп соққан себептердiң жойылуына байланысты аяқтау (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату) сот шешімінің негізінде қабылданған осы астық қабылдау кәсiпорнына қатысты барлық шектеулердiң күшi жойылуына әкеп соғады.

4. Егер астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін қалпына келтіруге алып келмеген жағдайда, уақытша әкімшілік:

1) облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына астық қабылдау кәсіпорнын астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы ұсыныс енгізеді;

2) уақытша басқару мерзімі аяқталғанға дейін астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы сотқа талап арыз береді.

Астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы талап арызды қарау кезеңінде уақытша басқару тоқтатылған жағдайда талапкердің барлық құқықтары мен міндеттері уақытша әкімшілік функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға өтеді.

Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 
  6-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру
Ескерту. 6-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...31 32 33 33-1 33-2 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 33-бап Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143