Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Адвокаттық қызмет туралы
8-2-бап. Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары



Ст. 8-2 Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195



1. Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады.

2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды қоса тіркей отырып, тұрғылықты жері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары арқылы адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға жібереді.

3. Құжаттар тиісінше ресімделмеген не олардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтару себебі туралы жазбаша хабарлай отырып, өтінішті үміткерге ұсынылған құжаттармен бірге қарамастан қайтарады.

4. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия материалдарды қарау қорытындылары бойынша аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.

Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сай болмаса, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады.

Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерге жібереді.

Аттестаттауға жіберуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары аттестаттауға жіберілген үміткерді аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оны өткізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.

6. Аттестаттау қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

7. Аттестаттау мынадай екі кезеңнен тұрады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуден компьютерлік тест тапсыру;

2) үміткердің білімін емтихан билеттері бойынша тексеру.

8. Үміткер өз таңдауы бойынша аттестаттаудан қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.

Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі.

9. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттау өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, аттестатталғаны туралы не аттестатталмағаны туралы дәлелді шешім шығарады.

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Аттестатталғаны туралы шешім ол шығарылған кезден бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.

Аттестаттаудан өтпеген үміткер кемінде бір жылдан кейін қайта аттестаттауға жіберіледі.

10. Аттестаттаудан өткен кезде үміткердің анықтамалық, арнаулы және басқа да әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбаларды пайдалануына жол берілмейді.

Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия үміткерді аттестаттаудан шеттетеді.

Аттестаттаудан шеттетілген үміткер шешім шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы қайтадан өтініш беруге құқылы.

11. Дәлелді себеппен аттестаттауға келмеген үміткер осы баптың 5-тармағында көзделген тәртіппен адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның келесі отырысына шақырылады.

Үміткер тағы да келмей қалған жағдайда оның өтініші қараусыз қалдырылады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары оған тапсырылған құжаттармен бірге қайтарады.

 Ескерту. Заң 8-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...8 8-1 8-2 9 10 ...35 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-2-бап Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195