Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аудиторлық қызмет туралы
17-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт



Ст. 17 Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I



Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетiн субъектiлер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт негiзiнде қалыптасады. 

2. Аудит жүргiзу және (немесе) аудиторлық қызмет бейiнi бойынша қызмет көрсету шартында: шарттың нысанасы, мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi мен талаптары, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі көзделедi. 

3. Міндетті аудит, салықтар бойынша аудит және аудиттелетін субъектінің ілеспе қызметтер жүргізу шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. 

4. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылатын мәліметтерді қоспағанда, аудит, салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды. 

Коммерциялық құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...15 16 17 18 18-1 ...30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I