Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аудиторлық қызмет туралы
18-бап. Аудиторлық есеп



Ст. 18 Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I



1. Аудиторлық есеп жүргiзiлген аудиттiң нәтижелерi бойынша жасалады және ол осы Заңның талаптары мен аудит стандарттарына сәйкес келуге тиiс.

Аудиторлық есепте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, аудиттелетiн субъектiнiң қаржылық есептілігі және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараты туралы атқарушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның тәуелсiз пiкiрi қамтылады.

2. Аудиторлық есепке бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, атқарушы-аудитор қол қояды, оны өзiнiң жеке мөрiмен куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы оған қолын қойып бекiтедi және аудиторлық ұйымның мөрiмен расталады.

Аудиторлық есепте аудиторлық ұйым лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi де көрсетiледi.

Аудитор өзiнiң жеке мөрiн тиiсiнше пайдаланбағаны және сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

3. Аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе нақты деректерге сай келмеген жағдайда мұндай есеп сот шешiмiмен жарамсыз деп танылады.

Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...16 17 18 18-1 18-2 ...30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-бап Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I