Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Аудиторлық қызмет туралы

Аудиторлық қызмет туралы
3-бап. Аудиторлық қызмет



Ст. 3 Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I



1. Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады. 

2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметiнiң бейiнi бойынша мынадай қызметтердi де көрсете алады: 

1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметiнiң бейiнi бойынша iлеспе қызметтер; 

2) бухгалтерлiк есептi қалпына келтiру және жүргiзу, қаржылық есептiлiктi жасау; 

3) iшкi аудит; 

4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi заңнаманы қолдану және салық есебiн жүргiзу мәселелерi бойынша консультация беру; 

4-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды жасау; 

4-2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу; 

5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру; 

6) қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру; 

7) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау мәселелерi бойынша консультация беру; 

8) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметтi талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту ; 

9) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыру жөнiнде ұсынымдар беру, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыруға үйрету; 

10) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, аудит, қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау жөнiнде, аудит стандарттарына сәйкес өз қызметiнiң бейiнi бойынша iлеспе қызметтердi көрсету жөнiнде әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлеу; 

11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерiн көрсету; 

12) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

Егер "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметiнiң бейiнi бойынша жекелеген қызмет түрлерiн көрсету рұқсаттар алуды немесе хабарламалар жіберуді талап етсе, аудиторлық ұйымдар рұқсаттары болмай немесе хабарламаларды жібермей бұл қызметтердi көрсетуге құқылы емес. 

3. Аудиторлық ұйымдарға кәсiпкерлiк қызметтiң өзге түрлерiмен айналысуға тыйым салынады. 

Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV; 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 2 3 4 5 ...30 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I