Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Аудиторлық қызмет туралы
5-бап. Аудит және оның түрлерi

1. Аудиттiң түрлерi мыналар:

1) мiндеттi;

2) бастамашылық.

2. Міндетті аудитке:

акционерлік қоғамдар;

қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері;

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар;

инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары;

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда, көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар;

банктер, ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйымдар, банк холдингтері;

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары;

астық қабылдау кәсіпорындары;

сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар мен уәкілетті компаниялар;

"Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары;

"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы;

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар;

мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:

1) оның құрамында жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушылар (құрылтайшылар) бар болған;

2) жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерден асатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жатады.

Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талабы бойынша жүргізіледі.

Аудит мiндеттi болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептiлiкпен бiрге аудиторлық есептi де жариялауға мiндеттi.

Осы тармақтың талаптары сот банкрот деп таныған акционерлік қоғамдарға, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесiнде тұрған банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

3. Бастамашылық аудит аудиттелетiн субъектiнiң не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргiзуге жасалған шартта көзделген аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмi мен көлемi ескерiле отырып жүргiзiледi.

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 183-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...30

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться