Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Аудиторлық қызмет туралы

Аудиторлық қызмет туралы
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi



Ст. 6 Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I



Қазақстан Республикасының Yкiметi:  

1) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органды айқындайды; 

2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, аудит мiндеттi болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды; 

3) аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді; 

4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...4 5 6 7 7-1 ...30 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I