Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аудиторлық қызмет туралы
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi



Ст. 7 Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I



Аудиторлық қызмет саласындағы уәкiлеттi орган:

1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

1-1) аудиторлар тізілімін жүргізеді;

1-2) міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – Ұлттық Банк) келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

3) кәсiби ұйымдарды аккредиттейдi және олардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

4) аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;

5) аудиторлық қызметтi лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;

6) аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы мәлiметтердi мерзiмдi баспа басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды;

7) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн бекiтедi;

8) Бiлiктiлiк комиссиясы қызметiн қалыптастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiтедi;

9) аудит стандарттарын тарату үшiн жағдай жасалуын қамтамасыз етедi;

10) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

11) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

12) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

13) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысанын және оны ұсыну кезеңдiлiгiн әзірлейді және бекітеді;

14) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

14-1) аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

15) аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекітеді;

16) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

17) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

18) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру тәртібін айқындайды;

19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 7-1 8 ...30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I