Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль көлiгi туралы

Автомобиль көлiгi туралы
19-10-бап. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу және оларға шетелдiк рұқсаттарды беру тәртiбi



Ст. 19-10 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Отандық автокөлiк құралдары рұқсат беру бланкiлерiмен алмасу жүргiзiлген шетелдiк мемлекеттерге барған жағдайда тасымалдаушы бұрын берiлген өтiнiмдер негiзiнде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн тиiстi шетелдiк рұқсат беру құжаттарын ала алады.

Әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат беру құжаты берiледi.

2. Пайдаланылған шетелдiк рұқсат беру құжаттары бұрын оларды берген органға қайтарылуға жатады.

3. Тасымалдаушының оған берiлген шетелдiк рұқсат беру құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруiне жол берiлмейдi.

Егер бөлiнген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының саны тасымалдаушылар берген өтiнiмдердiң жалпы санынан аз болған жағдайда шетелдiк рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiн тасымалдаушылар арасында бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

Отандық тасымалдаушыларға мәлiмденгеннен тыс шетелдiк рұқсат беру құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылар өздерi мәлiмдеген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының осы түрiнен бас тартқан жағдайда жүргізілуі мүмкiн.

Отандық тасымалдаушылардың жолаушыларды және багажды тұрақты халықаралық тасымалдауына рұқсат беру құжаттарын беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 19-10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...19-8 19-9 19-10 19-11 19-12 ...55 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-10-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476